Жанат Өмірбеков 2019 жылдан бастап «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да жұмыс істейді. Бүгінде ол — Петропавл 2-ЖЭО электр цехының электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері. Жұмыс істеген жылдары ол айтарлықтай кәсіби тәжірибе жинақтап, өз мамандығының ерекшелігін жетік меңгерді.
Жанат жедел ауыстырып-қосуларды орындайды, электрлік сұлбаларды жинап, бөлшектейді, персоналды наряд бойынша жұмыстарға жіберуді жүзеге асырады және электр жабдықтарының жай-күйін бақылайды. Оның жұмысында асығыс шешімдерге орын жоқ: әрбір іс-әрекет зейінділікті, дәлдікті және ықтимал салдарды түсінуді талап етеді.
«Жұмыс процесіндегі ең қиыны — суыққандылықты сақтап, шешімдерді дұрыс қабылдай білу. Әрқашан зейінді жоғалтпай, не істеп жатқаныңды түсінуің керек», - дейді Жанат.
Әріптесіміз энергетика саласында үнемі жаңа білім алу және кәсіби тәжірибені кеңейту мүмкіндігін жоғары бағалайды. Осы салада жұмыс істеген жылдары ол әрқашан үйренетін және жетілдіретін нәрселердің бар екеніне көз жеткізді. «Жастарға энергетика саласына келуден қорықпауға кеңес берер едім. Ең бастысы — мамандыққа деген ықылас, қызығушылық және дамуға деген ұмтылыс болуы керек».
Жанат өзінің кәсіби білімін тек күнделікті жұмысында ғана қолданып қоймайды. Жақында ол «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ұйымдастырған жедел персоналдың кәсіби шеберлік жарысына қатысып, сынақтардың қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленді және «Электр цехының үздік электр монтері» деп танылды. Мұндай нәтижелер ең үздік энергетиктердің осында жұмыс істейтіндігінің тағы бір дәлелі!

