Иннаның әрбір жұмыс күні нақты жоспардан- белгіленген учаске бойынша наряд-тапсырмадан басталады.
«Жұмыстағы ең жақсы көретінім- өз участогыңды тексерген кездегі қозғалыс. Бірақ ең қиыны- байланысқа шықпайтын адамдар және иттер жолды бөгейтін, жеке үйлерге кіру», – деп, Инна атап өтті.
Бақылаушының жұмысы- адамдармен өзара әрекеттесуді қамтиды, бұл уақыт өте келе «қалпына келтіру» мүмкіндігін талап етеді. Қала шуын емдік тыныштыққа айырбастау үшін Инна орманға барып-тұрады. Ол саңырауқұлақ және жидек теруді жақсы көреді -табиғат оған кәсіби жұмыстан дем алып, күш жинауға көмектеседі.
Бұл үшін үйлесімдік әріптесімізге тұрақты ізгі ниет пен жоғары өнімділікті сақтауға көмектеседі, бұл ұжымда жоғары бағаланады.Жылдар бойы адал жұмыс істеген оның кәсібилігі бірнеше рет атап өтілді. Инна «Жылдың үздік бақылаушысы» марапатын мансабындағы ең жоғары сәт деп, санайды. Сонымен қатар оның фотосуреті компанияның құрмет тақтасында тұр.
Қазіргі таңда Инна Алексеева мамандықта алғашқы қадамдарын жасап жатқандарға ықыласпен көмектеседі.
«Мен жас әріптестеріме шыдамды болуға кеңес бергім келеді-бұл біздің жұмысымыздағы ең маңызды нәрсе» – деп, Инна атап өтті.
Ондаған жылдар бойы өз жұмысына жан-тәнімен берілген осындай адал мамандарға қарап, сенімді түде айта аламыз:мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!


