Біз Петропавл 2-ЖЭО тарихы туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Естеріңізге сала кетейік, біздің алдыңғы жарияланым Солтүстік Қазақстанда ірі энергетиканың  пайда болуына,  станцияның салуына,1961 жылы 22 желтоқсанда  пайдалануға қосудан кейін оның бірінші киловаттарға арналды. Тағдырлы, іске қосу жылға санаулы күндер қалған... 30 желтоқсан №1турбогенератор  іске қосылды. Ал құрылыс аумағында 30 градус аязда бетін күйдіретін желдің астында, трибунаға жабдықталған борттары машиналарының ашық қасында, энергия салушылары, энергетиктер және қала мен облыстың басқа да кәсіпорындарының өкілдері митингке жиналды. 

Құрылыс-монтажды жұмыстар осымен 6 жыл бойы жүргізілгеніне қарамастан, жылу электр орталығы үшін әлі ғана басталуда. Егер 1961 жыл Петропавл 2-ЖЭО тарихына іске қосу жылы сияқты кірсе, 1962 жыл станция өмірінің басталуы деп айтуға болады.

Құрал-жабдық іске қосылғаннан кейін тұрақты жұмыс істеді. "Мәскеу-Иркутск" магистралінің соңғы және жалғыз электрленбеген учаскесінде  электр пойыздары жүре бастады, ауылдарда және ескі станицаларда, колхоздар мен совхоздарда, астық қабылдау пункттерінде және аудан орталықтарында жаңа "ильич шамдары" жағылды.

Өндірістік тамсырмаларды мерзімнен бұрын орындағаны үшін, Петропавл 2-ЖЭО ұжымы қазақатан Коммунистік партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ескерткіш Ққызыл байрағымен үш рет марапатталды, әлеуметтік жарыстарда класстық орындарды бірнеше рет алды, жанкешті және қажырлы еңбегі үшін көптеген қызметкерлер Кеңес одағының ордендері мен медальдарымен марапатталды. Олардың арасында – электр слесарлар И.К. Грицай және А.П. Лукьянов, қазандар машинистері Т.Д. Добродеева, М.У. Сағындықов, В.Е. Столбова, станция ауысым бастығы Н.И. Гаврилин және басқалар.

«Петропавл 2-ЖЭО. 1956-1972жж.» альбомынан: «62-ші жыл - бұл энергетиктер мен құрылысшыладың өзара неғұрлым тығыз қарым-қатынастарының басы. Олар станцияның абыройын  еңбегімен қорғады. 17 қаңтарда күйдіретін аязда Евгений Ипатовтың бригадасы  №2 турбинаның іргетасы үшін плитаны сәтті бетомен құйды... Сол күні екінші қазандықтың монтаждауы басталды».

1962 жылғы тамыз айында 2-ЖЭО монтажды алаңдарында 2-ші турбинаны мерзімінен бұрын енгізу бойынша жұмыстар күшейе түсті. Ал 21 қыркүйекте агрегаттың баптауы басталды. Енді, үш күннен кейін №2 турбоагрегат іске қосылды. Кейінірек, №2 жылуфикациялық турбоагрегатының жобалық қуатымен қамтамасыз ететін (2 қазандықпен бірге) №3 қазан агрегат қолданысқа енгізілді.

1963 жылғы 17 мамырда Л. Бондарьдың, А. Сердюктың және И. Токаревтың бригадалары тәулік ішінде №3 турбина үшін іргетасты бетон құйып қатырды (барлығы – бетонның 282 текше метр). Көп ұзамай агрегаттың монтаждауы басталды.

Сонымен қатар, 63-ші жыл станцияға Чехословакиядан импорттық құрал-жабдықтардың жеткізуімен ерекшеленді, олар: "Брно" зауытының өнімділігі тәулігіне 200 тонна бу / сағ екі қазандық және"Шкода" фирмасының 50 МВ екі турбогенератор. Тамыз айының соңында Н. Голыбин бригадасының слесарлары чехословакия мамандарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп,  4-ші турбинаны құрастыруды бітірді.  Кейінірек монтаждаушылар 5-ші турбоагрегатты құрастыра бастады. Сол уақытта, бетоншылар-жоғары өрмелегіштер екінші түтін мұржасына  соңғы текше метр бетон салды. Сол жылы қаланы жылыту үшін арналған 4-ші қазандық жағылды.

1963 жылғы 15 қазанда станция электр энергиясының бірінші миллиард кВт.сағ.берді.

Сондай-ақ, 1964 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің өкіміне сәйкес, бұған дейін 2-ЖЭО-мен қатар электр энергиясын өндіріп шығаратын 1-ЖЭОжұмысын тоқтатты  (сол кезде 1962-1963 жылдары жылу беру маусымында қаланы жылумен қамтамасыз ету станцияларлдың оқшауланған жұмысы жүзеге асырылды). Осы уақыттан бастап Петропавл 2-ЖЭО және оның ұжымы өлкені энергиямен қамтамасыз ету үшін толық жауапкершілікті алды.

1964 жылы пайдалануға №5қазандық агрегаты берілді, оның іске қосуы 2-ЖЭО салудың бірінші кезегінің аяқталуын белгіледі.

1965 жылдың басында, 9 қаңтарда, №6 қазандық агрегаты пайдалануға берілген, кейінірек – №7 қазандық. 1965 жылғы 2 маусымда бірінші өнеркәсіптік тоқ 5-ші турбина берді.

1966 жылы Есіл өзенінде бөгетінің салуы басталды, 1973 жылдың соңында аяқталды. Бір қызығы, 1966 жылғы 22 қарашда (осыдан 50 жыл бұрын!) облыстық драма театрында Энергетик күніне арналған энергия салушылардың, станция қызметкерлерінің, электрлік және жылу желілері персоналының энергия өткізу кәсіпорынның бірінші салтанатты жиналысы өтті.

Сол кезде энергожүйесі электр энергиясымен 81 совхозды, 11 колхозды, 8 мал бордақылау кеңшарларын, 16 элеваторлар мен астық қабылдау пункттерін, 12 май зауыттарын, 8 аудан орталықтарын және де 47 елді мекенін қамтамасыз етті. 

Келесі, 1967 жыл, энергия салушылар үшін аса өнімді болды– жаңа объектілерін салу және бар болғандарды кеңейту бойынша жұмыстар басталды: сыйымдылығы 5000 текше метр резервтік мазут шаруашылығын, жылу желілерін қоректендіру химтазартуларын, көмір қоймасын, кіші электр станцияларын және т. б. Энергетиктер қуаты 100 МВт құрайтын  №6 жаңа турбогенераторды және 3-ші тоқсанда пайдалануға қосу белгіленген 8-ші қазандықты қабылдауға дайындалды.  30 қазанда агрегаттар мерзімінен бұрын іске қосылды.

1968 жылы станцияда №9 қазандық агрегаты іске қосылды. Ал келесі, 1969 жыл станция үшін маңызды болды – қуаты 100 МВт 7-ші турбоагрегат жұмысқа енгізіле бастады.

"Ақыр соңында, бәрі дайын. Ондаған монтаждаушылардың беттерінен көңілді күлміс кетпейді. В. Черкасовтың, Н. Курицынның, В. Кувшиновтың бригадалары өз жұмысының аяқталуы туралы баяндайды.  Сәуір айының алғашқы күндері турбина алғашқы айналымын жасады. 3 сәуір №10 қазандық жағылды" ("Петропавл 2-ЖЭО. 1956-1972 жж. альбомынан).

№7  турбоагрегатты пайдалануға қосқаннан кейін, Петропавл 2-ЖЭО  жобалық қуатын алды, ол 470 МВт құрады. Бір жылдан кейін 11-ші қазандық агрегаты іске қосылды, ал соңғы, 12-ші қазандықты жұмысқа 1974 жылғы 30 қыркүйекте енгізді.

Осылайша, Петропавл 2-ЖЭО-ның қазандық және турбина цехтарының негзігі жабдығы  бірте-бірте монтаждалды және іске қосылды: турбиналар – 1961 жылдан бастап 1969 жылға дейін, қазандықтар – 1961 жылдан 1974 жылға дейін.

Осылайша, Петропавл 2-ЖЭО-ның тағы бір кезеңі аяқталды. Жылу электр орталығының бірінші  агрегаттары пайдалануға енгізіліп, «Мәскеу-Байкал» әлемдегі ең ұзын Транссібір темір жол магистралінің электрлендіруі аяқталды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысы құрылыстарының электр энергиясында мұқтаждығы қанағаттандырылды, сондай-ақ, Петропавл 2-ЖЭО-ның электр энергиясын ауыл шаруашылығының жүздеген кәсіпорындары алды.