Энергетиктер – ерекше мамандықтың адамдары. Әрине, әрбір кәсіп маңызды. Дәрігерлер өз пациенттерінің денсаулығын ойлайды, өмірін құтқарады, мұғалімдер адамға білім мен дағдылар береді, оның толыққанды жеке тұлға жасайды, погондағы адамдар біздің қауіпсіздігі үшін жауап береді, біздің құқықтары мен бостандығын қорқынышсыз қорғайды. Ойлап қарасақ, энергетиктер де осы қатарында орын алады. Олардың қолында – үйіміздегі жылу, жайлылық, жарық, энергиясыз мектептер мен ауруханалар, зауыттар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмыс істей алмайды,  сенімді энергиямен қамсыздандырмай,  жалпы алғанда еліміздің экономикасының дамуы да мүмкін емес.  2016 жылы Петропавл 2-ЖЭО өзінің 55-жылдығын атап өтті, сонымен бірге осы күнді аймақтың энергетикалық саласы да атап өтеді, өйткені 1961 жылы 2-ЖЭО-нан Солтүстік Қазақстан облысы үшін жаңа тарихи дәуірі – «Ақ қайыңдар өлкесін» жаппай электрлендіру дәуірі басталды.

Электр жарығы Петропавл қаласына  ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында келді. 1897 жылы Петропавлда электрмен жабдықтау бірінші көзі пайда болды. Бұл локомотив депосындағы дизельдік электр станциясы болды.  " КСРО 1925 өнеркәсібі, сауда және кооперациясы" анықтамалық кітапта 1913 жылы қалада  «... жылыту беті 714 шаршы аршыны бар үш қазанмен электр станциясы және қуаты 240 ат күшімен "Де Лавал" жүйесінің екі турбинасы құрылды» деген жазылуды көре аламыз. Осы станцияның қуаты 160 киловатт (қазіргі заманғы Петропавл 2-ЖЭО-ның белгіленген қаутынан бар болғаны 0,3%, немесе жылу электр орталығында өндірілетін энергияның үш мыңнан бір бөлігі!) құрады. Бір таңғаларлығы, генерациялаушы көздердің болуына қарамастан, облыста бірінші электр шамы 1925 жылы жанды (үдеріс ғажайыбын алғаш рет Архангелка селосының тұрғындары көрді). Кейінірек, 1936 жылы, қалалық электр станциясы қуаты 400 ат күші бар дизельдік қондырғысымен күшейтілді. Ол энергиямен локомотивтік және вагондық депо, вокзал, ет-консерві комбинатын, рабочий кентінің үйлерін және  әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді  қамтамасыз етті.

Жылу энергетиканы алсақ, оның туған күнін 1834 жыл деп атауға болады. Дәл сол кезде көпес Зенков тері зауытында бірінші жергілікті жылыту жүйесін салды.  Кейінірек жергілікті жылыту жүйелері қаланың басқа да өнеркәсіптік объектілерінде пайда болды: жүн өңдейтін  май шығаратын зауыттарында, диірмендерде объектілерінде, темір жол станциялары объектілерінде және т. б. Әрине, сол кезде орталықтандырылған жылу беру жүйесі туралы арамандауға ғана қалды, ал ол Петропавлда жүз жыл өткен соң ғана пайда болды.

Энергетикалық сала пайда болуының келесі кезеңі ауыр соғыс уақытына келді. 1941 жылы Петропавл қаласына  майданға оқ-дәрі, керек-жарақтармен және басқа да қажетті өніммен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған қорғаныс зауыттары тез арада көшірілді. Соның ішінде Қазақстанның солтүстігіне КСРО Иванов облысынан Кольчугин зауытынан қазандық және турбина көшірілді. 1-ЖЭО (немесе ЖЭС – уақытша электр станциясының) құрылысы басталды, энергияда өнеркәсіптік кәсіпорындар мұқтаж болды. Станция жабдығы  (жоғарыда аталған қазандық және турбинадан басқа) Англиядан ленд-лиз арқылы  жеткізді. Бұл " Джон Томпсон" фирмасының температурасы 400 гр. тәулігіне 25 тонна бу / сағ өнімділігі екі қазандық және "Метрополитен-Виккерс" фирмасының қуаты 4,5 мың кВт турбина болды.  Құрылыс аяқталғаннан кейін 1-ЖЭО жалпы қуаты 9,5 мың кВт, іріктенген бу бойынша – 30 тонна сағатына құрады.

Жалпы алғанда, ЖЭС өз міндетін табысты орындап,  екі онжылдық жұмыс істеді. 1954 жылы ақпан-наурыз КОКП ОК пленумы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдады.  "Халықтық эпопея" өлкені толық электрлендіру талап етті. Одан бір жыл бұрын, 1953 жылы, жаңа ЖЭО салу туралы шешім қабылданды. Ал 1955 жылы Петропавлға  алғашқы құрылысшылар келді.

"Петропавл 2-ЖЭО. 1956-1972 жж."  Альбомынан (бұдан әрі осы көзден цитаталар келтірілетін болады– автордың ескерт.): "Бірінші қыс әсіресе өте қатал және ұзын болды. Бірақ ол елдің әрбір жерден келген адамдардың еркін түсірген жоқ. Алексей Сердюк – -Сталинградтан, Валя Плишевая –Сумск облысынан, Николай Петренко – Совет Армиясы қатарынан. Олар қиындықтардан ерінбей-жалықпай өтті, станцияны соңғы турбинаға дейін салу – ант берді... ", "...Олар және басқа да жүздеген адамдар сияқты, Солтүстік Қазақстанның халық шаруашылығы мұқтаж болған энергетикалық гигант олардың көз алдында және олардың белсенді қатысуымен өсетініне сенген. Бұл ойлар жиі жігерленедірді, жылытты..."  Осы жолдар арқылы бүкіл Кеңес Одағының озат-ынтагерлері соншалықты қиын іске  қандай шабытпен және махаббатпен кіріскені түсінуге болады. Сондықтан 1956 жылы Петропавл 2-ЖЭО құрылысы халықтық деп жаряланды.

Кейінірек, 1956 жылы, станция құрылысшыларының ұжымы екі еселенді. Комсомолдың  екі жүзден астам өкілдері Украинадан келді. Жігіттер мен қыздар шатырларда қыстады, содан кейін олар өздері дайындаған барақтарға көшті. Құрылыс кәсіп осында да игерілді. Кемінде жарты жыл ішінде жүздеген жас еріктілер өз ісінің нағыз шеберлері болып қалды.

1957 жылы құрылыс алаңдарының пішіндері ашық көрінді. Құрылысқа темір жол желілері салынды, бұлар бойынша  құрылыс материалдарымен құрамдар түскен. Шеберхана, гараж, бетон зауытының ғимараттары салынып көтерілді. «...Бірақ, 2-ЖЭО объектілері көтерілу тиіс болған жерде, бетеге мен жалтыр қожалық етті...». Алайда, 1958 жыл ең қауырт және оқиғаларға қанық болды. Наурыз айының басында өкіметтің арнайы қаулысымен Петропавл 2-ЖЭО құрылысы елдің аса маңызды санатына жатқызылған. Бұл туралы 30 сәуірде шыққан «Энергетик» көп таралымды газетінің бірінші нөмірінде жазылған еді. Сол жылы бұру каналының тас жолында топырақтың алғашқы текше метрлерді қазып алды, станцияның бас ғимаратының іргетасы үшін шұңқыр қаза бастады: «... металдан жасалған қалыпты қолдана отырып, Иван Ошурковтың бригадасы10 сәуірге дейін алты стақан-шынтақшаға бетон құйып қатырды. Бұл уақытта ақырғы су ағызғышта бетон жұмыстары басталды. 30 мамыр күніне бас корпусында 42 стақан дайындалды.

1959 жылдың соңында бас ғимараттың  колонналары үшін ондаған іргетастар дайын болды, бірінші түтін мұржасы, орталық сорғы станциясы, вагон аударғыш, зәрнәжіс сорғы үшін қазаншұңқыр дайындалды, ашық қосалқы станциясы мен басқа да объектілер тұрғызылды. Желтоқсан айында оттегі стенциясы іске қосылды.

Келесі, 1960 жылы 10 қаңтарда «...отыз градус аязда, қарлы боранда Владимир Ершов бригадасының слесарлары бірінші темірбетонды тіреуішті орнатты, осылайша, станция бас корпусының монтаждауы басталды.... 12 тамызда «Севзапэнергомонтаж» Леонид Сенкан бригадасының слеарлары қолайсыз ауарайында 100 тонналық көпірлік карнның 26 тонналық жартылай көпіршені көтерді»,

Міне, тарихи іске қосу 1961 жыл! Қаңтар айында Л. Бондарьдың бригадасы Есіл өзеніндегі жаға сорғы станциясын салу бойынша жұмыстарын бастады. Бір мезгілде алты шақырымды су коректендіру таратқыш салынды, ол бойынша өзеннен су жаға сорғынан Белое көліне ағуға тиіс болды. Ақпан айының басында монтаждаушылар бірінші қазандықтың экрандарын орнатуға, ал айдың соңына қарай  станцияның бас корпусында орнатуға кірісті. 9 маусымда Владимир Чернавский бригадасының слесарьлары бірінші турбинаның монтаждауын бастады... 1961 жылғы 22 желтоқсанда 23 сағат 37 минутта ауысым бастығы А.М. Добродеев және турбина машинисі А.Я. Кокорев бірінші турбоагрегатты жүктемеге қойды.  Осылайша, Петропавл 2-ЖЭО-ның, Солтүстік Қазақстанның энергетикалық орталығының және де сол кездегі  бүкіл республикадағы ірі жылу электр орталығының жүрегі жанды. Содан бері, 55 жыл өткен соң, тоқталған жоқ...