«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да компания кәсіпорындарының ұжымдары арасында дәстүрлі туристік слет өтті. Бұл жолы жеңімпаз 33 жыл тәжірибесі бар турист Александр Васильевич Трушников басқарған Петропавл 2-ЖЭО-ның спорттық бағдарлау әуесқойлары болды. Команданың сіңірген  еңбегін кемітпей, жылу электр орталығының туристеріне Александр Васильевичтің білімі мен тәжірибесі «Севказэнергосбыт» ЖШС пен «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның күші кем емес қарсыластарын жеңіп шығуға қатты көмектесті. Ақырғылар, айтпақшы,тиісінше екінші және үшінші орын алды. Александр Васильевичтің шын мәнінде өмір сүру салтына айналған туризмге әуес болу туралы жеке әңгімелестік.

Александр Васильевич – Солтүстік Қазақстанның байырғы тұрғыны, Петропавлдың Солтүстік кентінде дүниеге келді. Ата-анасы Ленин атындағы зауытында жұмыс істеді. Трушниковтар отбасында үш бала болды, Александр – ең кіші. «Техникалық қызмет көрсету және автомобиль жөндеу» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан механикалық теникумды бітіріп, 1981 жылы бідзің басылымының кейіпкері әскерге, тікұшақ полкіне шақырылды. Херсонда қызметін бітірді. Әскерден кейін бірден Ленин атындағы зауытына аспапшы ретінде жұмысқа түсіп, кәсіпорын жабылуына дейін 1995 жылға дейін еңбек еткен. Содан кейін Александр Васильевич Петропавл 2-ЖЭО-на келді. Басында аспапшы ретінде жұмысқа орналасты, біраз уақыттан кейін автоматиканың шебері болды, сондан кейін – аға шебері болды. Қазір ол – станцияның жылу автоматикасы және өлшемдер цехының шебері. Оның жұмысы – электроника, ескі және жаңа жабдықты жөндеу.

— Туризмге деген сүйіспеншілік қалай пайда болды? Неден басталды?

— Әскерге дейін конькимен жүгіру спортымен шұғылдандым. Мен жас маман болып келген зауытта жаяу туризм белсенді дамыған. Әріптестер еліктірді. Сол кезде Петропавлдың әрбір кәсіпорнында туристік командалар боғанын айта кету керек. Жазда барлығы туристік слеттарға қатысты, ал қыста жапырыласа турбазаларға аттандық, шаңғымен жүрдік. Куйбышев ат. зауытта сал ағызуға жүрген күшті су жолшылар болды, олар Киров ат. зауытының қызметкерлері жергілікті жерде спорттық бағдарлаумен айналысты, ал біз, Ленин ат. зауыттағы жастар, «сегіз қырлы» болдық – бұдан басқа тауға барғанды жақсы көретінбіз. Сол кезде, туризм гүлдену уақытта, туристік слетқа бір кәсіпорнынан ғана жиырма команда жиналса, қазір үш команда келсе жарайды. Туризм ниеттес адамдарды біріктіреді, сонмен қатар туризм жан-жақты дамытады: мұнда картамен жұмыс істей білу керек, физикалық жағынан да дайындалған болу қажет – тауларға ауыр рюкзактармен шығу, кез келген климаттық жағдайлармен күресу, сонымен бірге керек-жарақтарды білу және қолдана білу, көркем  өнерпаздық конкурстарында өзін шығармашылық жағынан көрсете білу қажет. Жалпы алғанда, туризм – бұл жай ғана әуестік емес, өмір салты, қызықты да еліктіргіш. Өкінішке орай, қазір ол бұрынғыдай кеңінен таралмаған.

— Александр Васильевич, айтыңызшы, туристік соқпақтар сізді қай жақтарға әкелген?

— Бұрын туриадалар ұйымдастырылатын. Туризм белсенді насихатталды. Турслеттан кейін оқыту семинарлары өткізілді, содан кейін барлық жорыққа аттанды, мысалға Баты Тянь-Шань (Алям сақинасы). Сондай-ақ, Уралға шаңғы жорықтарға бардық. Алтайға да, Сібірге де бардық. Әрине, Тянь-Шанға ең бірінші туристік жорық есімде қалды, алғашқы қиын асулар, әдемі табиғат... Кейде ауыр жағдайлар да болды. Бір рет Солтүстік Тянь-Шанда Достық тауында төрт жүз метр биіктікте бір «иіннен» екіншісіне жіңішке қыр арқылы асудан өтіп кету керек еді, сонда – бір бөктері 60 градус, екіншісі – мүлдем тік болды. Оған қоса дауылды жел соқты. Бірақ оған қарамастан өтіп кеттік. Содан кейін толық қараңғыда биіктігі екі мың метр тік жартастан түстік. Түсіну үшін – бүкіл туробъектілер өту күрделілігі мен сол немесе басқа элементтерді орындау бойынша бес баллдық шәкілі бойынша жіктеледі. Кейде «бесті»  де алдық. Бұл Алтайда болды: 250 км, 22 күн жүріс. Ресейде кірдіп, Қазақстанда шықтық – бүкіл Алтайды аралап, Белуханы айналып. Менің есімде бұл ең ауыр да қиын сапарлардың бірі болды. Эльбрусқа да бардық. Әрине, әлі де көп жерге баруға қалаймын: Карелия, Батыс Саян, Солтүстік Байкал. Бірақ, әзірге бұл тек жоспарлар.

— Кәсіпқой турист болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?

— Біріншіден, осымен айналысуға ықылас болу қажет. Бірақ, барлық тек адамға ғана тәуелді емес. Туризм уақытты, едәуір қаражат, арнайы дайындықты талап етеді. Қазір қымбат тұратын көптеген әр түрлі  жабдықтар бар. Әрине, қазір де, аздап ақша жинап алып, топты ұйымдастырып, ештеңеге қарамастан ең болмағанда жылына бір рет жорыққа шығатын ынтагерлер бар. Себебі, бүгінгі күнде ұйымдастырушылық мезет те  айтарлықтай маңызды – адамдарды табу, жинау қажет. Бір жылда жорықтың бағыты әзірленеді, қатысушылармен келісіледі. Мысалы, бір жыл бұрын мен және екі жолдасым Памирға, Ленин шыңға бардық Оның биіктігі – 7 131 метр, ал біз 6 148 метр биіктікке шықты. Сонда біз шамамен 20 күн өткіздік. Бейімделу үшін біраз уақыт қажет болды.  Қалай болғанда да биік тау ғой. Оттегі тапшылығы нәтижесінде «тау ауыруы» болып қалмас үшін, адам ағзасы бейімделу қажет. Жолдама бізге 400 доллар шықты, оған қоса жол мен тамаққа бірталай ақша жұмсадық.

— Жыл сайын "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ кәсіпорындар қызметкерлері арасында туристік слеттер өткізіледі. Биыл сізбен басқарылған Петропавл 2-ЖЭО командасы өз оппоненттерін жеңіп шықты. Жеңіске жету оңай болды ма?

— Жеңдік, өйткені дайындалдық. Слет алдында үш апта бойы Есілдің жағасына барып, өткелді, түсіру және көтеру, топографиялық белгілерді меңгердік. Аса маңыздысы топтастық. Сондай-ақ, өзіндік жанрда өнер көрсеттік. Спорттық жастар жиналды, мен тек қана бағдарлау, компас бойынша жұмыс істеу сияқты техникалық сәттерде көмектестім. Уақыт бойынша жеңдік, айыппұлдар бойынша да үздік болдық, бивак дайындадық, қабырға газетін де қанағат етерлік жасадық. Жалпы, менің ойымша, барлығы жаман емес өтті.

— Александр Васильевич, қызықты әңгіме үшін рахмет!