«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамына кіретін Петропавл 2-ЖЭО 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірді жылумен жабдықтау бойынша міндеттерді табысты орындады.

Ағымдағы жылдың алты айында 2-ЖЭО энергетиктері тұтынушыларға 1 млн 94 мың гигакалория жылу энергиясын өндіріп, жеткізді. Оның негізгі бөлігі — 1 млн 84,9 мың Гкал — қала үйлеріндегі жайлылықты және кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін ыстық сумен жабдықтауға тиесілі болды. Тағы 9,1 мың гигакалория өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін бу жеткізуді құрады.

Станцияда жабдықтарды кешенді жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда:

- Станцияның жылу-энергетикалық кешенінің негізгі элементтерінің бірі — №2 қазандық агрегатын қайта құру жұмыстары жүргізілуде;

- №6 қондырғының негізгі бойлерін ауыстыру;

- Жаңа сорғы станциясының құрылысын қамтитын жылу қуатын беру сұлбасын қайта құру жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Бұл жобалар жай ғана жоспарлы іс-шаралар емес, бұл — өңірімізді алдағы онжылдықтар бойы сенімді энергиямен жабдықтауға салынған стратегиялық инвестициялар, — деп атап өтті Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров. — Жаңартылған жабдық станция жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, оның экологиялық көрсеткіштерін де айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді».

Стацияда алдағы жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударылады. Бірінші жартыжылдықта жөндеу жұмыстарының кешені жүргізілді:

-  №4 ст. қазандық агрегатын және № 2, 3 ст. турбиналық агрегаттарын ағымдағы жөндеу;

- №2 түтін мұржасын тексеру;

- Отын-көлік цехының жабдығын жөндеу;

- Парк ресурсын ұзарту мақсатында қазандықтарды, турбиналарды, ыдыстарды, құбырларды куәландыру;

- Шаруашылық тәсілмен жабдықты жөндеу (жөндеуге арналған ТМҚ сатып алу);

- Негізгі және қосалқы жабдықты регламенттік жөндеу;

Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады, бұл ең жоғары жүктеме кезеңінде станцияның сенімді жұмысына кепілдік береді.