«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ биіктігі 180 метр, Петропавл 2-ЖЭО жаңа түтін құбырын бояу жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлайды.
2025 жылғы 25 маусымда басталған, жұмыстар басында тамызда күтілген, жоспарланған мерзімнен бір ай бұрын аяқталды.
Құбыр дәстүрлі қызыл-ақ жолақтармен боялған, бұл бірнеше факторларға байланысты:
∙ Авиациялық қауіпсіздік талаптары: қарама-қарсы бояу объектіні ұшақтарға жақсы көрінетін етеді.
∙ Конструкцияны қорғау: құбырды жоғары температура мен коррозиядан қорғау үшін арнайы ыстыққа төзімді жабындар қолданылады.
∙ Шолып бақылау: бұл бояу беттің күйін шолып бақылауды жеңілдетеді.
Құбырды бояумен қатар көру алаңдарын бояу жұмыстары жүргізілді.Қазіргі таңда мамандар технологиялық жабдықтарды жаңа құбырға ауыстыруды жалғастыруда.
Еске салайық, бұл құбырдың құрылысы рекордтық мерзімде жүргізілді. Діңді құю 2024 жылғы 5 тамызда басталып, небәрі 73 күнде аяқталды, бетонның соңғы текшесі 2024 жылғы 16 қазанда құйылды.Қалыптарды бөлшектегеннен кейін қорғаныс қалпақшасы, баспалдақ, бағдаршам алаңдары, қылтималар, сыртқы жарықтандыру, найзағайдан қорғау орнатылады. Діңнің биіктігі 180 м құрайды, бұл № 2 және 3 қолданыстағы түтін құбырларынан 30 м жоғары. Діңнің биіктігі 180 м құрайды, бұл № 2 және №3 қолданыстағы түтін құбырларынан 30 м жоғары.
2025 жылдың наурызында түтін құбырының жертөлесін орнатуға кірістік, діңнің ішіне қоррозияға қарсы қорғаныс қолданды, сонымен қатар 1 бастап 4 қазандық агрегаты бойынша магистральдық газ құбыры ауыстырылды. Бұдан басқа, қоршаған ортаға шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды.
Объектіні өнеркәсіптік пайдалануға толық енгізу алдағы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымының басталуына жоспарланған