Жарты жыл ішінде «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ операторлары 134 000-нан астам қоңырау қабылдады. Тұтынушылар үшін басты көмекші 8-7152-500-666 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі болды.
Компанияның сервис орталығында мамандар 12 000-нан астам адамға келесі мәселелер бойынша кеңес берді:
✔️ Коммуналдық қызметтер үшін ақы есептеу.
✔️ Кіріс өтініштерін тіркеу.
✔️ Бірыңғай төлем құжатының телнұсқаларын беру
✔️ Заңды тұлғалар үшін жүкқұжаттарды рәсімдеу.
✔️ Қызмет берушілермен және МИБ төрағаларымен өзара іс-қимыл.
Қашықтықтан қызмет көрсету сервистері жұмыс істейді:
✔️ Электрондық кеңсе: https://sk-energo.kz/skrek
✔️«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ресми сайты: www.sevkazenergo.kz
Техникалық мәселелерді 24/7 режимінде жедел шешу үшін Петропавл қаласында және СҚО-ның 8 ауданында диспетчерлік қызметтер жұмыс істейді.
Біз қызметтерімізді алу оңай әрі ыңғайлы болуы үшін жұмысты жалғастырамыз!

