Энергетиктер Петропавл қ. тұрғындарының сауалдарына жауап берді
 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының басшылығы азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне қатысты. Қалалықтар энергетиктерге қойған негізгі тақырыптар- жылыту маусымындағы жылумен жабдықтаудың сенімділігі,
тарифтік саясат,сондай-ақ электр желілік шаруашылықты жөндеу және жаңғырту болды.Компания өкілдері әрбір өтініш бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді, нақты проблемалық жағдайларды талдап, оларды шешу жолдарын анықтады.

«Осындай кездесулер біз үшін аса маңызды. Олар тұтынушыдан тікелей кері байланысты алуға, олардың пікірін тыңдауға және туындаған проблемаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.Біз қабылдауға қатысқан, барлық азаматтарға алғыс айтамыз және осындай ашық диалог біздің қызметтеріміздің сапасын арттыруға ықпал етеді» —деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық келіп-түскен өтініштер ерекше бақылауға алынды. Орындарда қосымша тексерісті талап ететін, сұрақтар бойынша нәтижелері туралы өтініш берушілерді хабардар ету туралы тиісті іс-шаралар өткізілетін боалды.