Неліктен бірыңғай төлем құжатында осындай сома? Есептеулердің дұрыс екенін қалай тексеруге болады және пәтердегі температураны реттеуге бола ма? Петропавл тұрғындары осы және басқа да сұрақтарды энергетикалық компания басшылығына тікелей қоя алды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өкілдері Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің қатысуымен әкімдік ұйымдастырған, ашық есік күніне қатысты. Тұтынушылар үшін бұл жылу және электр энергиясын жеткізушілерден бір жерде түсініктеме алу мүмкіндігі болды.

Кездесу барысында өтініш беруші өз жағдайы туралы жеке түсініктеме алды: көрсеткіштерді салыстыру, қарыз немесе қайта есептеу мәселелері, техникалық сипаттамаларды алу немесе үйдің ішкі жылыту жүйесін реттеу болсын.

Мұндай кездесулер энергетикалық кәсіпорындар мен халық арасындағы ашық және мөлдір өзара әрекеттесуге қол жеткізуідің тиімді құралы болып табылады.

 

Видео