Петропавлда барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Жылу балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, емханалар мен спорт мекемелеріне берілді.     

1 184  көппәтерлі тұрғын үйлерден  1 182 үй орталық жылу жүйесіне қосылды.  

Қалған 2 тұрғын үй бойынша келесі жағдай:  

Бір үйде  МИБ  үйдегі жылыту жүйесіне жөндеу жүргізіп жатыр, ал басқасында- жылуды қосқан кезде туындаған, технологиялық бұзушылықты жоюда. 

Қаржыны үнемдеу мақсатында меншік иелерінің бастамасымен   қосылмаған нысандардың едәуір бөлігін жеке шаруашылықтар  мен коммерциялық кәсіпорындар құрайды. Жеке сектордағы   1 941  үйден 300-ден астамы, сондай-ақ кейбір зауыттар мен құрылыс ұйымдары қосылуға өтінімдер берген жоқ. 

Ескертеміз, нысандарды жылуға қосқаннан кейін, жеткізілетін желі суының температурасын және қысымын тұрақтандыруға,  жүйенің   гидравликалық және  температуралық режимін   реттеуге шамамен үш апта қажет.Бұл процеске "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС мамандары ғана емес, сондай-ақ меншік иелері, нысанға қызмет көрсететін, ұйымдар да қатысады.