2025-2026 жылыту маусымына дайындық бойынша маңызды ақпарат!
Құрметті Петропавл тұрғындары!
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС және «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ алдағы жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындық қажеттілігі туралы еске салады.
Не істеу керек?
✔ Есептік саптамаларды элеваторларға және кіреберістердегі тарылтатын құрылғыларды орнату.
✔ Жылыту жүйесін жуу және гидравликалық сығымдауды жүргізу.
✔ Пломбыланған манометрлерді орнату (мемтексерушімен).
✔ Қажет болса, реттейтін және бекіткіш арматураны тексеру және ауыстыру.
✔ Қажет болса, жылу энергиясын есепке алу аспаптарына тексеру жүргізу.
✔ Жертөлелерді және жылу құбырларын оқшаулау.
Маңызды!
«Жылу энергиясын пайдалану Ережесінің» 34-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, техникалық талаптар орындалмаса, жылу беру шектелуі мүмкін.
Кеңес беру үшін байланыс:
46-94-77, 46-12-05
Петропавл қ. Қ.Конституциясы к.23, каб. 106